Caracol телеарнасы мен департамент губернаторы Джон Молинудың айтуынша, жарақат алғандардың саны 77-ге жетті, олардың 43-і Боготаға жеткізілді. Тағы 21 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Колумбия Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал Карлос Сильва Руэда телеарнаға хабарлағандай, апат орнына медициналық тікұшақ пен құтқару тобы жөнелтілді. Оқиғаның себебін анықтау үшін жедел-тергеу тобы да жіберілді.
Айта кетейік, ішінде 100-ден астам әскери қызметкер болған Колумбияның Әуе күштеріне тиесілі Hercules C-130 ұшағы елдің оңтүстігінде апатқа ұшырады.