Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэльяның бейсенбі күні хабарлауынша, жер сілкінісі салдарынан 3971 адам жарақат алған, ал 379 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Залалды соңғы бағалау бойынша, 12 мыңнан астам үй қираған және 74 мыңнан астам тұрғын ғимарат зақымдалған.
- Салдары өте үлкен және үкіметтен бір жағынан үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және бүгінде зардап шегіп жатқан көптеген колумбиялықтарға көмек көрсету үшін осы аудандарға қажетті инвестицияларды салу үшін үлкен табандылық пен саяси ерік-жігерді талап етеді, - деді де ла Эсприэлья.
Еске салсақ, Колумбия билігі 10 тамызда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандарды аза тұту мақсатында елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Тиісті жарлыққа президент Абелардо де ла Эсприелья қол қойды.
Бұған дейін Колумбиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250 адамнан асқаны хабарланған.