Комитет неліктен блогер Ерболат Жанабыловтың курсын сатып алған

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін елордада ондаған автокөлікті ұтысқа тігіп, курс ұйымдастырған блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы өтті. 

Мемлекеттік мекеме блогердің курсын неге сатып алған? Бұл сауалға комитет өкілі жауап берді.

— Біз осы курсты бақылау мақсатында сатып алдық. Ол жерде бірнеше курс, бірнеше платформа бойынша, маркетплейстер бойынша оқыту болады деп ұсынылған. Ал шын мәнінде тек Taobao (маркетплейс) бойынша ғана болды және ол жерде бір рет қана ұсынылған, — деді сотта Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілі Асылбек Мұстафаев.

Келесі сот отырысы 2025 жылғы 15 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогер Ерболат Жанабылов жариялаған курс бағасы негізсіз қымбат екенін мәлімдеген еді

Бүгін Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті

Сот барысында блогер Ерболат Жанабыловтың адвокаты судьядан істі тоқтатуды сұрады

Еске сала кетсек, желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Соңында іс сотқа жеткен еді

Аталған жайтқа қатысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жеке түсінік берді