Жаңа тетіктерді әзірлеу қажеттілігі көмір өткізу нарығындағы жүйелі мәселелерге байланысты туындады. Көптеген жылдар бойы өнімсіз делдалдардың және көлеңкелі схемалардың болуы отынның өндірушілерден түпкілікті тұтынушыларға дейін жеткізілуін қиындатып, бағаның өсуіне ықпал етті.
Аталған мәселелерді шешу үшін Агенттік көмірді бастапқы көтерме өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Оның нәтижелері бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қаражыра» АҚ биржадан тыс көлемдегі коммуналдық-тұрмыстық көмірге қатысты негізгі қуат иелері болып айқындалды.
Аталған көлемдерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Агенттік негізгі қуатқа — коммуналдық-тұрмыстық көмірге тең қол жеткізу қағидаларын әзірледі.
Қағидаларда көзделген тетік көмірді жер қойнауын пайдаланушының цифрлық жүйесі арқылы өткізуді қарастырады. Бұл көлемдерді бөлудің ашықтығын арттыруға және нарыққа қатысушылар үшін бірыңғай қолжетімділік шарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа тәртіпті енгізу жеткізу тізбегінен өнімсіз делдалдарды алып тастауға, баға белгілеудің ашықтығын арттыруға және түпкілікті тұтынушылар үшін көмір бағасының негізсіз өсу тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.
Аталған шараларды іске асыру коммуналдық-тұрмыстық көмір нарығының неғұрлым ашық жұмыс істеуіне және халықтың экономикалық мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Айта кетейік, елде көмір тасымалы 9 айда 77,8 млн тоннаға жетті.