Қонаев әкімі атынан тағы да жалған хабарламалар тарады

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Қонаев қаласының әкімдігі алаяқтар қала басшысы Асхат Бердіхановтың атынан жазып жатқаныны хабарлады.

Фото: Kazinform

- Әлдекімдер Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың атынан Whats’App желісінде жалған ақпарат таратып жатыр. Мұндай ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, биыл мамыр айында интернет-алаяқтар Қонаев әкімі атынан хабар таратқанын жазғанбыз

Сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан да жалған ақпарат тараған болатын

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігі тұрғындарға өзін облыс әкімімін деп таныстыратын алаяқтардың әрекетіне сенбеуге шақырған еді.