Қонаев маңында қоқыс полигонынан шыққан өрт сөндірілді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Қонаев қаласының іргесіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон аумағынан шыққан өрт толық сөндірілді.

Фото: видеодан алынған кадр

«Қоқыс полигонындағы бықсыған өрт бүгін 17:30 шамасында толық сөндірілді. Жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы жергілікті атқарушы органдары мен облыстық ТЖД-дан 24 адам мен 17 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады департаменттен.

Айта кетейік, қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигондағы өрт кеше тұтанған еді.  

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Осыған дейін Алматыда таңғы уақытта қонақ үй өртенгенін жазған едік.