Sauda.e-qazyna.kz мәліметінше, нысан Индустриялық көшесі, 11 мекенжайында орналасқан. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 5 122,5 шаршы метр. Ол 2014 жылы салынған.
Сауда-саттық лотына казино ғимаратына іргелес жатқан 0,2257 гектар жер учаскесі, Индустриялық көшесі, 15/5 мекенжайындағы ауданы 0,27 гектар тағы бір жер учаскесі және трансформатор қосалқы станциясының жабдықтары кіреді.
Лоттың бастапқы бағасы — 1 миллиард 762 миллион 362 мың 331 теңге. Кепілдік жарна мөлшері 264 млн 354 мың 350 теңге болып белгіленген.
Аукцион 21 қазан сағат 10:45–те өтеді. Сауда-саттық бағаны көтеру әдісімен ұйымдастырылады.
Сатушы — «Эксимбанк Қазақстан» АҚ. «BaGa Consulting» ЖШС-нің 2026 жылғы 3 шілдедегі бағалау есебіне сәйкес, мүліктің бағалау құны 1,76 миллиард теңгеге тең.
Еске салайық, бұған дейін e-Qazyna порталында Алматы облысы Іле ауданынан есептен шығарылған автобустарды сату бойынша сауда-саттық аяқталған.
Сондай-ақ Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй тағы да аукционға қойылды.