Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын шарпыған аймақ 3 шаршы метр. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген.
«Қонаев қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында жиhазға ауысуымен болған диспенсердің қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Өрттің ауданы – 3 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ТЖД.
Еске салайық, бұған дейін ыстық судан ажыратылған тұрғындар Алматының кіреберісіндегі жолды жаппақ болғанын жазған едік.