Екі турдың қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Команда турнир кестесінде 31-орында тұр. Одан төменде әзірге ұпай жинай алмаған 5 клуб орналасқан.
«Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын сырт алаңда латвиялық «Ригаға» қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алайда екінші турда өз алаңында грек клубы «Панатинаикосқа» 1:5 есебімен ойсырай ұтылды.
Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда келесі кездесуін 5 қарашада Бергамода италиялық «Аталантаға» қарсы өткізеді.
Жалпы кезең аясында «Қайрат» бұдан бөлек нидерландтық «Твенте», румыниялық «Университатя» және швециялық «Мьельбю» клубтарымен де кездеседі.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы ХХІ турындағы кейінге қалдырылған кездесуінде алматылық «Қайрат» өз алаңында Астананың «Жеңісін» сүріндірген болатын.