Конгодо шахта опырылып, 200-ден астам адам көз жұмды
06:39, 05 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Ел билігі таратқан мәлімдемеге сәйкес, Конго Демократиялық Республикасында шахта опырылып, 200-ден астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа.
Конго тау-кен министрлігі жариялаған мәлімдемеде айтылғандай, оқиға Солтүстік Киву провинциясындағы Рубая ауданындағы шахтада қатты нөсерден кейін болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 200-ден астам адам қайтыс болды, оның 70-ке жуығы кәмелетке толмағандар.
Мәлімдемеде Рубая шахталары қазіргі уақытта «23 наурыз қозғалысы» /м23/ көтерілісшілер тобының бақылауында екендігі көрсетілген. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатып отырғандығы да жазылған.
Айта кетейік, бұған дейін де Конго Демократиялық Республикасының шығысында шахта құлап, 227 адам қаза тапты.