Құттықтау сөзінде Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров жеке құрамға қызметті адал орындап, азаматтардың бостандықтары мен конститутциялық құқықтарын абыроймен қорғауды тіледі.
«Мемлекетіміздің Ата Заңы - Конституция татулықтың іргетасы, Қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады.
Конституция қоғамда демократияны дамытуда және елде азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға серпін берді. Ең бастысы - Конститутция азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі заң. Конститутциялық нормалардың әлеуеті қоғамымыздың бүгінгі жетістіктерінің тұғыры. Азаматтардың заңды мүддесі мен бостандығын, конститутциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде күш-жігерімізді аямайтындығымызға сенеміз», - деп полиция генералы атап кетті.
Дәстүрге сай, атаулы мерекеде қызметте ерекшеленген тәртіп сақшыларын марапаттау жөнінде бұйрықтарға қол қойылды. Салтанатты шара барысында Ішкі істер министрлігі мен Астана қаласы ІІД басшылығының атынан жүзге жуық полиция қызметкері қол сағаттармен, грамота және алғыс хаттармен марапатталды.