Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамында кімдер бар
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Президент Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) құрамы мынадай:
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы
Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
Балаева Аида Ғалымқызы ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары
Жарылғанов Айдар Төлетайұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері:
Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Алтынбеков Бекзат Құмарұлы – «Amanat» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Асанов Жақып Қажыманұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
Атабаева Гүлзира Нұржанқызы – «Келешек» жастар кеңесінің жетекшісі;
Ахметзакиров Наиль Рафисұлы – Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы;
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Әбішев Ғазиз Серікұлы – саяси шолушы;
Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облысы мәслихатының төрағасы;
Әзілханов Марат Алмасұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Әленов Бауыржан Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;
Әубәкірова Индира Оралқызы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы ‒ Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Байбеков Шалқар Заманбекұлы – Абай облысы мәслихатының төрағасы;
Байғожаев Қуат Сұлтанұлы ‒ Алматы облысы мәслихатының төрағасы;
Балтабаев Әділ – журналист, «President» тележобасын жүргізуші;
Башимов Марат Советұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аманат» партиясы фракциясының жетекшісі;
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
Борчашвили Исидор Шамилович – Астана халықаралық университеті Жоғары құқық мектебінің профессоры, заң ғылымдарының докторы;
Бубенко Владимир Степанович – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
Бурахан Ернұр Көшерханұлы ‒ «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Годунова Наталья Николаевна – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Ғайыпов Зұлфухар Сұлтанұлы – Астана қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы;
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры;
Дүйсенов Еркін Эрманұлы – «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары, бірінші проректор, профессор, заң ғылымдарының докторы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі;
Ерғалиев Әсет Арманұлы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
Ерғарин Дәурен Тілекұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
Еспаева Дания Мәдиқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары;
Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы ‒ Қостанай облысы мәслихатының төрағасы;
Жақаева Лейла Сұлтанқызы – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы;
Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының cудьясы;
Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті;
Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;
Жұмырбаев Тимур Ғабдулұлы – «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы – Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Жылқышиев Байділда – Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Зәкиева Динара Болатқызы – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл;
Зейнұлқабден Табиғат – Астана қаласы мәслихатының төрағасы;
Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы;
Имашева Снежанна Валерьевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы;
Исетов Арман Асқарұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Кенжеханұлы Рауан – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті;
Ким Вера Александровна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы;
Кузиева Замира Зәкіржанқызы – Астана қаласы «Единый консолидирующий центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры;
Күнтуған Еркежан – «Жібек жолы» телеарнасының директоры;
Қадыров Данияр Рамазанұлы – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті;
Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Қалтаева Ләззат Молдабекқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзиялар жөніндегі кеңестің төрағасы;
Қамзабекұлы Дихан – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
Қарабасова Лаура Шапайқызы – «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;
Қарағойшин Рустам Тимурұлы – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі;
Қобжанов Нұркен Сайфиддинұлы – Қарағанды облысы мәслихатының төрағасы;
Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublika» партиясы фракциясының жетекшісі;
Көпжасарұлы Ерқанат – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының тележүргізушісі;
Құлкенов Мереке Әбдешұлы – «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы – қоғам және мемлекет қайраткері;
Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі;
Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Лаврентьев Андрей Сергеевич – «Allur Group» компаниялар тобы» акционерлік қоғамы және «Qarmet» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы;
Ластаев Артур Ермекұлы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
Магеррамов Магеррам Мамедович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі;
Малахов Дмитрий Михайлович – Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы;
Малиновский Виктор Александрович – «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры;
Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы – Маңғыстау облысы мәслихатының төрағасы;
Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
Мұқаев Мұрат Рахметұлы – Батыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
Мырзағараев Мәди Жомартұлы – Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы;
Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы – Қызылорда облысының әкімі;
Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы – «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы – Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы;
Нұралиев Әбдәлі Тоқбергенұлы – Жамбыл облысы мәслихатының төрағасы;
Нұрғалиева Мәдина Маратқызы ‒ «Amanat» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры;
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы;
Нұрмұханов Бақыт Маратұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары;
Нұртаза Самат Русланұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
Отыншиев Мейіржан Батырбекұлы ‒ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары;
Перепечина Ольга Валентиновна ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары;
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі;
Пономарёв Сергей Михайлович – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі;
Рожин Максим Николаевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Рыпаков Денис Сергеевич – Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы;
Сабильянов Нұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
Сапиев Бақытжан Шаймұхаметұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы – Алматы қаласының әкімі;
Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы – «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Сұраған Дурвудхан – математик, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызы ‒ Ақтөбе облысы мәслихатының төрағасы;
Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;
Теренченко Илья Сергеевич ‒ Павлодар облысы мәслихатының төрағасы;
Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы ‒ Жетісу облысы мәслихатының төрағасы;
Тоқтамұрат Армангүл – журналист, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының продюсері;
Тоқшалық Ерлан Бейсенұлы ‒ Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
Толықбай Мақсат Мәлікұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы ‒ «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор;
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тұрақты өкілі;
Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы ‒ Қызылорда облысы мәслихатының төрағасы;
Ударцев Сергей Федорович – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
Умарова Айман Мұратқызы – адвокат, «Правозащитники» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы;
Фазылжан Анар Мұратқызы – Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі;
Хайруллиев Мұса Қарашаұлы ‒ Атырау облысы мәслихатының төрағасы;
Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі;
Шаймарданов Жандос Нұрланұлы ‒ «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры;
Шапақ Үнзила ‒ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Шаталов Никита Сергеевич – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Шибутов Марат Максұмұлы – саясаттанушы;
Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы – «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы;
Шыңғысов Бауыржан Қабденұлы ‒ Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы;
Ысқақова Жұлдызай Амангелдіқызы – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Юсупов Мейіржан Бақытұлы – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды.