Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жедел-профилактикалық іс-шара барысында 198 құқықбұзушылық анықталған.
Олардың арасында арнайы орындарда тіркелгені - 142.
Еркін сауда айналымынан 6603 дана тыйым салынған өнімдер тәркіленді, оның ішінде 6503 контрафактілік CD-DVD дискілер және 9 флэш-карталар, 4 порнографиялық мазмұндағы жинақтағыштар және 38 лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз етулер бар.
Сонымен қатар, операция барысында контрафактілік өнімдерді жасайтын (цех) 4 факті анықталды (Ақтөбе облысы - 2, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ІІД-де - біреуден).
Анықталған құқықбұзушылық фактілері бойынша сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.