Көпбалалы отбасылардың балаларына білім гранты қалай бөлінеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасылардың балалары қосымша конкурс аясында білім грантын ала алады. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша5 мың грант бөлінді. Ол гранттар жергілікті атқарушы органдармен 5-10 тамызаралығында беріледі. Жалпы республикалық конкурс бойынша грантты иеленбегендерқосымша конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Олар 53 785 гранттың ішінекірмейді», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына5мың білім гранты бөлінетінін айтты.

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған жәнекөпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білімгранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтінболса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов көпбалалы отбасы балаларына арналған 5 мың грант қалай берілетінінайтқан еді.

Соңғы жаңалықтар