ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көпқабатты үй ауласында жатқан дипломат тұрғындарды үрейлендірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органы қызметкерлерінің Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй ауласында көптеп жүргендігі туралы бейнежазба тарап кетті.
Ол жайлы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
«22 қараша күні сағат 11:17-де «102» жедел арнасына қоңырау шалған азамат көшедегі №15 және 17 үйлердің арасындағы аулада жатқан дипломаттың күдік тудыратындығы туралы хабар берді. Полиция қызметкерлері оқиға орнына шұғыл келіп жеткен. Тексеру нәтижесі бойынша дипломаттан қауіпті заттар табылмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.