Көптеген елдер баланың жеке төлқұжаты болуын талап етеді - ІІМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігінің көші-қон комитеті көптеген мемлекеттер балада жеке төлқұжат болуын талап ететінін мәлімдеді. Сондықтан, шетелге шығар алдында әр балада жеке құжатының болуын пысықтап алу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елден тысқары шыққан жағдайда балалардың суретін ата-анасының паспортына желімдеудіалып тастау бойынша заңнамаға түзету енгізіледі. Баладажеке паспорт болуын көптеген елдер талап етеді, осыған байланысты комитет алдағы өзгерістер өте өзекті екенін еске салды.

«Қазірбұл заң жобасы Парламент қарауында жатыр. Жеке паспорт – көптеген елдердіңталабы екенін ескере отырып, балаларымен шетелге шығуды жоспарлағаната-аналарға басқа елдің шекарасынкесіп өту үшін ертерек паспорт рәсімдеу керектігі ескертілді. Сонымен қатар, бұл түзету Мемлекет басшысы заңға қол қойғаннан кейін ғана енгізілетінін түсіндірдік» делінген хабарламада.

Осындайтүсіндірмелер ҰҚК Шекара қызметіне және Сыртқы істер министрлігіне жолданды.

ХҚО-даата-аналардың паспортына баласының суретін желімдеу мәселесімен қабылдаутоқтатылған жоқ және сол қалыпта жүргізіліп жатыр.

«Ата-анасыныңпаспортына жапсырылған суретпен кіргізетін және кіргізбейтін мемлекеттертуралы әдетте Сыртқы істер министрлігі хабардар етеді. Сондықтан қандай да бірелге жол жүрер алдында ол елге кіру тәртібін дипломатиялық өкілдіктерден алдын алабіліп алу керек» дейді комитет.

Сондай-ақ,қазір ІІМ балаларға төлқұжат беру үшін мемлекеттік бажды азайту мәселесінпысықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар