Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады

Фото: Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,33 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 518,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 586 — 591 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 583 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,09 - 6,25 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,25 теңге. Еуро — 584,86.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.