Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады

Фото: Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,17 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 509, 26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 511 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 572, сату құны — 576.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 513 теңге, сатып алу құны — 507 теңге. Еуро 570 теңгеден сатып алынып, 580 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,34 — 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512, 66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,45 теңге. Еуро — 580,59.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.