Қор нарығында доллар 4 теңгеге жуық қымбаттады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,45 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 511,77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 582, сату құны — 592.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32 — 6,47 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 507,80 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 580,82

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.