Қор нарығында доллар 455 теңгеге дейін көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,87 теңгеге өсіп, 455,00 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 448,72 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 449,81 теңгеден сатып алынады, 456,94 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 493,94 теңге, сату — 503,04 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,29 теңге, сату — 5,49 теңге.
— юань: сатып алу — 67,66 теңге, сату — 71,49 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 453,80 теңгеден сатып алынады, 456,15 теңгеден сатылады. Еуро 498,29 — 503,13 теңге, ал 5,26 — 5,38 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,37 теңгеден сатып алынады, 69,85 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 19 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,47 теңгеге өсіп, 448,72 теңге болды.