Қор нарығында доллар 5 теңгеге арзандады

Фото: Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,26 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 515,18 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 565 — 571 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 563 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,95 - 6,07 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 10 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,48 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,06 теңге. Еуро — 574,61.

Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.