Қор нарығында доллар 5 теңгеге жуық қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,85 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 517,45 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 518 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 596, сату құны — 600.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 592 теңгеден сатып алынып, 602 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,43 — 6,58 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,44 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,52 теңге. Еуро — 593,15.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.