KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,75 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 484, 11 теңге.
Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 487, 37 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,09 теңге.
Еуро – 532, 94.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,1 теңге. Еуро 528–532 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,01 – 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досов теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты өз ойын айтқан болатын.
Сондай – ақ Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.