Қор нарығында доллар арзандады

Фото: Kazinform/ Pixabay

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,47 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 511, 67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 580, сату құны — 585.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 - 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,51 теңге. Еуро — 578,59

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.