Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,33 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510, 06 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро 566 - 572 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,18 - 6,34 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 513,74 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,33 теңге. Еуро — 569,17
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.