Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,24 теңгеге түсіп, 488,59 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 490,21 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 485,00 теңгеден сатып алынады, 492,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 562,00 теңге, сату - 573,56 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,50 теңге, сату - 6,80 теңге.
- юань: сатып алу - 68,81 теңге, сату - 73,91 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 488,23 теңгеден сатып алынады, 490,21 теңгеден сатылады. Еуро 562,52 – 569,65 теңге, ал рубль 6,57 – 6,71 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 70,38 теңгеден сатып алынады, 73,02 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 9 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,12 теңгеге өсіп, 490,21 теңге болды.