Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге түсіп, 465,08 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 465,19 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 462,00 теңгеден сатып алынады, 469,13 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 533,00 теңге, сату — 543,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,22 теңге, сату — 5,52 теңге.
— юань: сатып алу — 68,74 теңге, сату — 72,84 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 464,69 теңгеден сатып алынады, 466,55 теңгеден сатылады. Еуро 533,84 — 538,69 теңге, ал рубль 5,35 — 5,49 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,78 теңгеден сатып алынады, 71,35 теңгеден сатылады.
Еске салайық, 12 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңге түсіп, 465,19 теңге болды.