Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,46 теңгеге арзандап, 538,11 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 538,53 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,28 теңгеден сатып алынады, 540 теңгеден сатылады. Еуро 623,59 – 627,41 теңге, ал рубль 6,51 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,01 теңгеден сатып алынады, 78,43 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 537,44 теңгеден сатып алынады, 543,44 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 622,53 теңге, сату - 630,55 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,55 теңге, сату - 6,70 теңге.
- юань: сатып алу - 76,20 теңге, сату - 80,07 теңге.
Еске салайық, 22 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 538,53 теңге болды.