Қор нарығында доллар қымбаттады

Фото: Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,21 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,78 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 573, сату құны — 577.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 571 теңгеден сатып алынып, 578 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,19 - 6,35 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 509,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 570,60.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.