Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,71 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 489,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490 теңге. Еуро 531 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,57 - 5,72 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 488,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,68 теңге. Еуро — 531,91.

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеген.

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.