Қор нарығында доллар нығайып, теңге әлсіреді

Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар, еуро мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,54 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 523,46 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 601, сату құны — 606.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 521 теңге. Еуро 599 теңгеден сатып алынып, 606 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55 - 6,72 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,65 теңге. Еуро — 601,01

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.