Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,82 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 511, 59 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 574, сату құны — 578.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 509 теңге. Еуро 571 теңгеден сатып алынып, 578 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 — 6,37 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 20 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510, 78 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,35 теңге. Еуро — 576,06.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.