Қор нарығында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,3 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 513,74 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512,1 теңге. Еуро 573 — 580 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 574 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,17 - 6,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,26 теңге. Еуро — 582,47.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.