Қор нарығында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,6 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 514,50 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,5 теңге. Еуро 582 — 586 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 589 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,20 - 6,32 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 6 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 588,17.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.