Қор нарығында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,22 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 517,16 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 587 — 592 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 584 теңгеден сатып алынып, 591 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 - 6,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,27 теңге. Еуро — 591,06.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.