Оңтүстік Корея халқының, мемлекеттік жүйесінің демократия құндылықтарына адалдығын бірнеше президентін сотқа тартқанынан-ақ көруге болады. Әскерге арқа сүйеп билік құрған Чон Ду Хван мен Ро Дэ У ол тізімнің басында тұр.
Чон Ду Хван 1979 жылы әскери төңкеріске қатысып, Кванджу қаласында ереуілшілерді атқаны үшін өлім жазасына кесіліп, кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ақыры тіпті рақымшылыққа ілінеді. Ал Ро Дэ У әуелі 22 жылға сотталып, кейін ол да рақымшылыққа ілігеді.
Но Му Хен есімді президент 2008 жылы ағасының үстінен қозғалған сыбайлас жемқорлықпен байланысты іске куәгер ретінде тартылып, өзіне қол салады. Ал 2018 жылы бұрынғы президент Ли Мен Бак туысқанының сыбайлас жемқорлықпен ұсталуына байланысты 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы жылы 1979 жылы өлтірілген президент Пак Чон Хидің қызы Пак Кын Хе сыбайлас жемқорлыққа ұрынып, мемлекеттік құпияны жария еткені үшін 24 жылға сотталған.
Еске салсақ, елдегі саяси ахуалдың салдарынан кеше түстен кейін Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі отставкаға кеткен еді.
3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін хабарлағаннан кейін саяси аухал шиеленіскен болатын.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев саяси ахуалы шиеленіскен Оңтүстік Корея мен Грузиядағы қазақстандықтардың қауіпсіздігі туралы пікір білдірді.