— Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оны одан әрі нығайту перспективаларын талқылап, биылға жоспарланған биік және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне ерекше назар аударды, — делінген хабарламада.
Екіжақты сауда айналымының және Кореяның Қазақстанға тікелей инвестицияларының елеулі көлемін ескере отырып, тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігіне ерекше мән берді.
Сонымен қатар дипломаттар көпжақты форматтардағы, ең алдымен БҰҰ және басқа да халықаралық алаңдар шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында Корея Республикасының елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.
Бұған дейін Қазақстан мен Корея жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға келіскенін жазған едік.