Сыныптық біліктілікті айқындау Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілікті беру, растау, сақтау және төмендету рәсімдерін қамтиды.
Сыныптық біліктілік — әскери қызметшінің атқарып отырған әскери лауазымына сәйкес қол жеткізген жеке даярлық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Ол оқу жылының қорытынды тексеруінің (әскери оқу орындарындағы білім алушылар үшін қорытынды аттестаттаудың) нәтижелері бойынша айқындалады.
Сыныптық біліктілікті айқындау Қарулы күштердің әрбір әскери қызметшісінің кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандыру мақсатында жүргізіледі.
Қарулы күштерде мынадай сыныптық біліктіліктер белгіленеді:
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге және шақыру бойынша қызмет атқаратын офицерлерге:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман — тәлімгер (шебер)».
Әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттеріне, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілерге:
«3-сыныпты маман».
«3-сыныпты маман», «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман», «1-сыныпты маман — тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктіліктерін беру, растау, сақтау және төмендету:
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — ҚР ҚК Бас штабының бастығы тарапынан Қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығының орынбасарларына, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшыларына, ҚР ҚК Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшыларына, 14776 әскери бөлімінің командиріне, Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінің бастығына, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабқа бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) командирлері мен бастықтарына жүзеге асырылады.
Қорғаныс министрінің орынбасары — Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тарапынан бас басқармалар (басқармалар) бастықтарына, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшыларына, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, орталықтардың, әскери оқу орындарының бастықтарына және әскери бөлімдер (мекемелер) командирлеріне (бастықтарына) бағынысты әскери қызметшілерге қатысты жүзеге асырылады.
Қорғаныс министрі мен Бас штаб бастығының орынбасарларының, Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері бастықтарының, Қарулы күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшыларының, 14776 әскери бөлім командирінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті бастығының сыныптық біліктілігін айқындау үшін Жоғары біліктілік комиссиясы тағайындалады.
Жоғары біліктілік комиссиясының отырысына сыныптық біліктілік беру жөніндегі материалдарды дайындау мен ұсынуды ҚР ҚК Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті жүзеге асырады.
Қарулы күштердің қалған әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау үшін біліктілік комиссиясы құрылады.
Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік мынадай кезектілікпен беріледі:
«3-сыныпты маман»;
«2-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман»;
«1-сыныпты маман — тәлімгер (шебер)».
Сыныптық біліктілік қорытынды тексеру (бақылау сабақтары, әскери оқу орындарындағы білім алушылардың қорытынды аттестаттауы) нәтижелері бойынша беріледі:
«3-сыныпты маман» — әскери қызмет өткерудің бүкіл кезеңіне беріледі;
«2-сыныпты маман» — кезекті біліктілік берілгеннен кейін бір оқу жылынан соң;
«1-сыныпты маман» — кезекті біліктілік берілгеннен кейін екі оқу жылынан соң;
«1-сыныпты маман — тәлімгер (шебер)» — кезекті біліктілік берілгеннен кейін үш оқу жылынан соң беріледі.
Осы қағидалардың 13-тармағына сәйкес сыныптық біліктілігі айқындалған әскери қызметшілер үшін келесі сыныптық біліктілікті анықтау кезінде ағымдағы жыл толық оқу жылы болып есептеледі.
Сонымен қатар, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің кемелерінде (судналарында) немесе құраманың (бөлімнің) басқару лауазымдарында (командир, штаб бастығы, жауынгерлік даярлық жөніндегі командирдің орынбасары) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін сыныптық біліктілік мынадай тәртіппен айқындалады:
құраманы (бөлімді) басқарушы құрам үшін — құрам құрамындағы барлық жобадағы кемелерді (судналарды), сондай-ақ құраманы (бөлімді) дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;
кеме (судна) командирлері мен командирдің аға көмекшілері (көмекшілері) үшін — кемені (суднаны) дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;
жауынгерлік бөлімдер (топтар) командирлері, кеме (судна) старшиналары, командалар мен бөлімшелер старшиналары үшін — бөлімшені дербес басқаруға рұқсат алғаннан кейін;
боцмандар мен техниктер үшін — өз учаскесіне дербес қызмет көрсетуге және лауазымдық міндеттерін орындауға рұқсат алғаннан кейін.
Толығырақ мына жерден танысуға болады.
Бұйрық 2026 жылғы 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, биыл әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгерді.