Қорғаныс министрлігі елорда аспанында тікұшақтардың неге ұшып жүргенін түсіндірді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана аспанында байқалған ұшақтардың ұшуы әскери парадқа дайындықпен байланысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Ведомствода нақтыланғандай, қазіргі уақытта елордада 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған шеруге дайындық жүріп жатыр.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз.
- 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз, - деген болатын ведомство өкілдері.