НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының басшысы Әсет Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл барша әлемде COVID-19 індетінің таралуына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайының ушыққаны байқалуда. Өкінішке қарай, бұл проблема біздің елді де айналып өтпеді. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті», - деді Ә. Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы орайда ол карантинді сақтау бойынша шаралар қабылдануы тұрғысында полиция күрделі жағдайда жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.