АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирусқа қарсы вакцина салынса тұмаудың вакцинасын алуға бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұмауға қарсы екпе үнемі жасалады. Коронавирусқа қарсы вакциналау да жүрігізіліп жатыр. Коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бір мезгілде алуға болады. Вакциналар дененің әртүрлі бөліктеріне, яғни сол және оң иыққа енгізіледі», - деді ол.
Спикердің сөзінше, коронавирус инфекция әлі бар, сондықтан COVID-19-ға қарсы екпе алуды жалғастыру керек. Бұған дейін Әсел Қалықова Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 200 мыңнан астам дозасы сатып алынғаны туралы айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.