«Бастапқы күндерден бері полицейлер мен әскерилер де дәрігерлермен бір қатарда алдыңғы шепте қызмет етіп келеді. Карантин аумағында ауру ошақтарын оқшаулау бойынша арнайы шаралар жүргізілді», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 31 нысан қоршауға алынған. Олардың арасында тұрғын үйлер, жеке кіреберістер және жатақханалар бар.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болуы ықтимал тұлғаларды іздестіріп, медициналық мекемеге жеткізіп жатырмыз. Денсаулық сақтау органдарының сұранысымен 3800 адам іздестірілді. Қазір 47 адамның орналасқан жері анықталуда», - деді Е. Тұрғымбаев.