ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соңғы тәулікте өңір бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелді. Ал 61 адам вирустан емделіп шыққан.
«Облыс бойынша 8 симптомсыз вирус тасушы үй карантинін аяқтады. Стационарлардағы жалпы төсек қорының жүктемесі – 15,7% құрап отыр.
Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстанда барлығы 48 451 адам жұқпалы дертпен ауырған. Жазылып шыққандар саны – 34 532 адамды құрайды», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да вакцина салдырғандар саны 900 мыңға жуықтағанын хабарлаған болатынбыз.