«Олар сау азаматтар. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. 14 азаматымыз өңірлерге тарап кеткен. Олар барған жерінде анықталып, стационарларға оқшауланды. Олар Алматы, Атырау, Степнагорск және Қарағанды қалаларында», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, бұған дейін Миланнан Мәскеу-Нұр-Сұлтан әуе рейсі арқылы ұшып келген қазақстандық әйелден коронавирус инфекциясы анықталған еді. Ал бортта 89 жолаушы болған. Оның 14-і Қазақстанға келгеннен кейін өңірлерге тарап кеткен.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.
Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.