Коронавирусқа шалдыққан 6 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, елімізде коронавирустан тағы 1 адам қайтыс болды. Бұған дейін 2 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

26 тамыздағы жағдай бойынша, қазіргі уақытта індеттен 19 582 адам емделуде, оның ішінде 19 258 науқас – коронавирустан (КВИ ), 324 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 671 пациент стационарда жатса, 18 911 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 18 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.