Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Астана қаласында той шеруіне қатысушылар жол ережесін бұзғандары үшін жауапқа тартылды. Аталған факт бойынша жалға алынған автокөлік жүргізушілері мен той иесінің таныстары айыпты деп танылып отыр.
Бұл Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің ұлының тойында орын алған оқиға екені расталды.
Осы жағдайға байланысты полиция полковнигі Балташев Бақытжан Балғабекұлы өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды",-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.