«Қосарланған азаматтық та маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Конституцияда Қазақстан азаматтары өзге мемлекеттің азаматы болып мойындалмайды делінген. Дегенмен, біздің еліміздің азаматтығынан шықпастан шетел азаматтығын алу жағдайлары жиі кездесіп жатады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылды», - деді Нұрлан Әбдіров.
Оның айтуынша, біздің азаматтардың өзге елдің азаматтығын алуы мәселесі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен тұрақты байланыс орнату қажет.
«Қазақстан азаматтығына қабылдау, сонымен қатар жеңілдетілген тәртіппен оны алу барысында, шетелдік азаматтықтан шыққандығын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну талап етіледі. Айта кетейін, 2017 жылы біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алды», - деді Мәжіліс депутаты.