Қос министр мен 6 адам қаза тапты: Ганада тікұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Гана Республикасының Қорғаныс министрі Эдвард Омане Боама және Экология, ғылым және технологиялар мәселелері жөніндегі министрі Ибрагим Муртала Мұхаммед әскери тікұшақ апатынан қаза тапты. Бұл туралы ел үкіметінің ресми өкілдері мәлімдеген, деп жазады Report агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Акрофуон қаласының маңында құлаған. Жерге құлағаннан кейін әуе көлігі отқа оранған.
Бұған дейін елдің қарулы күштері радардан жоғалып кеткен тікұшақ туралы мәлімдеген болатын. Гана ӘӘК-не (әскери-әуе күштері) тиесілі тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі және бес жолаушы болған. Бас штаб бастығының айтуынша, ешкім тірі қалмаған.
Министрлер заңсыз табиғи ресурстар өндіру жүргізіліп жатқаны туралы жедел ақпарат түскен өңірге бара жатқан болатын. Қазір оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапқанын хабарладық.