Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қайсар Сұлтанбаев елімізде қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер мәселесі болғанын еске салды. Осы мәселені шешу үшін Үкімет қаулы қабылдаған болатын.
«Олар кедендік тазартудан өткен жоқ және заңдастыруға жіберілмеді. Үкіметтің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес 22 мамырдан бастап конструктор-автокөліктерін заңдастыруға рұқсат берілді. Осылайша, бүгінгі таңда 14 654 автоконструктор заңдастырудан өтті», - деді комитет төрағасы.