«Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі», - деді Қайсар Сұлтанбаев ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, аталған жоба жария талқылаудан өтті.
«Біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда», - деді комитет төрағасы.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізге шетелден әкелінген 69 мыңнан астам көліктің заңдастырылғанын жазған едік.